«Бір кітап – бір тағылым».
25.10.2026
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында СШИ №2 мектебінің кітапханасында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Бір кітап – бір тағылым» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін кеңейту.
Кездесу барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, бай табиғаты, көпғасырлық тарихы мен рухани құндылықтары туралы әңгіме қозғалды. Оқушылар Ұлы Даланың жеті қыры, Абай мен Әл-Фараби мұралары, ұлттық дәстүрлер мен қазіргі заманғы Қазақстанның ғылым мен спорттағы табыстары туралы білді.
Іс-шара соңында «Менің Отаным – Қазақстан» атты викторина өткізілді. Старшеклассниктер белсенділік танытып, Қазақстанның рәміздері, тарихи тұлғалары, табиғи ескерткіштері мен мәдени мұралары туралы сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараға орай кітапханада «Тәуелсіз елім – тірегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан тарихы, географиясы, табиғаты, салт-дәстүрі, ұлттық әдебиеті мен өнері туралы кітаптар қойылды.
Кітапханашы: Кимлач Е.В.