«Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілігіміз» .
23.10.2026
Бастауыш сыныптарда «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілігіміз» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті
Бастауыш сыныптарда «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілігіміз» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті.
Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолда жүру ережелерін сақтау, үйде және қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын орындау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарына ерекше назар аударылды.
Ата-аналарға балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, олардың күнделікті өмірде сақталуын қадағалаудың маңыздылығы айтылды.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті. Бірлескен жұмыс пен өзара түсіністік балалардың қауіпсіз ортада өсіп, дамуына ықпал етеді.