«І тоқсанның қорытындысы. Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық».
23.10.2026
Ата-аналар жиналысының өткізілгені туралы ақпаратт 2026 жылғы 22 қазанда 2 «Б» сыныбында «І тоқсанның қорытындысы. Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында І тоқсанның қорытындысы шығарылып, оқушылардың жетістіктері мен білім сапасын одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. Ата-аналарға балалардың оқуына қолдау көрсету бойынша ұсыныстар берілді.
Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға балалардың жолда жүру ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын және үйде, көшеде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға күзгі демалыс кезінде балалардың уақытын тиімді ұйымдастыру және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді.